СҚО-дағы су қоймаларында су деңгейі көтерілді

СҚО-дағы су қоймаларында су деңгейі көтерілді

СҚО-дағы су қоймаларында су деңгейі көтерілді
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінің суы молайып, Долматово елдімекенінің маңында бір тәулікте 113 см дейін көтерілді. «Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, Сергеев су қоймасында су деңгейі тұрақты түрде төмендесе, Петропавл бөгенінде, керісінше көтеріліп келеді. Бір тәулікте көрсеткіш 54 см жоғарылап, 731 см дейін жетті. Жалпы Есіл өзенінің су деңгейі Сергеевка қаласынан төмен қарай тұрақты түрде көтеріліп келеді. Бір тәулікте максималды көрсеткіш ( –113 см) Қызылжар ауданы Долматово елдімекені маңында тіркелді. Петропавл маңында 50 см, Покровка ауылының жанында 42 см, Новоникольское елдімекені маңында 33 см көтерілген. Облыстың шағын өзендерінде су деңгейі түсіп жатыр. Яғни, олардан келер қауіп жоқ. Бір тәуліктің ішінде 4-109 см-ге дейін төмендеген. 20 сәуір күні облыста ескерту жарияланды, бірер күнде Есіл өзені тасып, арнасынан асуы ықтимал. Ал Үлкен Тораңғұл көлінде жағдай әзірге тұрақты. Бір тәулікте көл суы 1 см-ге ғана көтерілген.