Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары тағайындалды

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары тағайындалды

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары тағайындалды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысының өкімімен Марат Алмасұлы Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда. Әзілханов Марат Алмасұлы 1965 жылы 2 қаңтарда Қызылорда облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина университетін "емдеу ісі" мамандығы бойынша, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясын "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген. Еңбек өтілін 1988 жылы бастаған. 1988-1992 - қалалық аурухананың интерн-дәрігері, Қызылорда қаласы №5 емхананың хирург-дәрігері. 2011-2013 жылдары дін істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2013-2014 - дін істері агенттігінің төрағасы. 2014-2016 жылдары Мәдениет және спорт вице-министрі болды. 2016-2018 жылдары ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жауапты хатшысы болып жұмыс істеді. 2018-2019 - қоғамдық даму министрлігінің Жауапты хатшысы. 2019 жылдан  - Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды.