Сарыағашта пайдаланылмай жатқан 766 гектар жер мемлекетке қайтарылды

Сарыағашта пайдаланылмай жатқан 766 гектар жер мемлекетке қайтарылды

Сарыағашта пайдаланылмай жатқан 766 гектар жер мемлекетке қайтарылды
ашық дереккөзі
Сарыағаш ауданында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланбай жатқан тұлғаларды анықтау мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 765,98 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер пайдаланбай жатқандығы белгілі болып, мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Алдағы уақытта басқа да игерілмей жатқан жерлерді анықтау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. Жалпы,  ауданда ағымдағы жылы I-тоқсанда жергілікті бюджетке жер учаскелерін кәсіпкерлік мақсатта жеке меншікке сатудан 42 146,5 мың теңге және жер телімдерін уақытша жалға беруден түсетін түсімдер бойынша 3674,6 мың теңге түсіп,  меже артығымен орындалды.