Әуе компаниясы жолаушыларға 20 тілде шығатын 1000-нан астам электронды газет-журнал ұсынады

Әуе компаниясы жолаушыларға 20 тілде шығатын 1000-нан астам электронды газет-журнал ұсынады

Әуе компаниясы жолаушыларға 20 тілде шығатын 1000-нан астам электронды газет-журнал ұсынады
ашық дереккөзі
Air Astana әуе компаниясы MyPress электронды басылым қызметін іске қосты. Жаңа қызмет әлемнің 20 тілінде шығатын 1000-нан астам БАҚ-ты назарға ұсынады. Air Astana-ның Жобалар бойынша менеджері Әйгерім Жамбыл: «Пандемия кезінде аталған жаңа қызмет өзекті әрі маңызды. Өйткені коронавирустың таралу қаупін азайтады. Media Carrier компаниясымен серіктестік нәтижесінде борттағы түрлі басылымның жаңа нөмірлерін жеке гаджеттерден оқуға мүмкіндік бар» дейді. Жаңа қызмет қағаз бен жанармайды үнемдеуге, сондай-ақ ұшар алдындағы дайындықты оңтайландыруға мүмкіндік береді. Басылым уақытылы жаңартылып отырады. Айта кетейік, MELO Group компаниясына қарасты Media Carrier GmbH – цифрлы контентті тарату мен оның маркетингіне негізделген құрылым. Компания қызметтері авиация, қонақ үй, фитнес орталық пен клиникаларда қолданылады.