Сайлауалды бағдарламамыз өңірді кешенді дамытуға бағытталған – Марат Сырлыбаев

Жуырда өткен «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының Саяси Кеңес Бюросының  кезекті отырысында Сайлауалды бағдарламаның орындалуын бақылауға алатын 12 қоғамдық кеңестің құрамы мен төрағалары бекітілді. Білім және ғылымды дамыту бойынша қоғамдық кеңестің төрағасы болып мен сайландым.

Білім – өлшеуі жоқ қазына десек, бүгінгі заманда білім беру ісін дамытып, реформалап отыру аса қажет дер едім. Бүгінде ел жаңарып, қайта жаңғыру басталып жатыр. Материалдық игілік дамып, тұрмыс түзелді. Енді санамызды жаңғырту керек. Ал саналы азамат ол алдымен білімді азамат.

Партияның алдағы бес жылдыққа арналған Сайлауалды бағдарламасында білім беру саласына ерекше назар аударылған: материалдық техникалық базаның жаңаруы, үш ауысымды мектептердің санын азайту, бүлдіршіндерді балабақшамен толық қамтамасыз ету, оқулықтар сапасын жақсарту, ұстаздардың біліктілік деңгейін көтеру және т.б.

Бүгінгі таңда облыста 610 мектепке дейінгі ұйым, 557 мектеп, 33 колледж, 4 ЖОО жұмыс істейді. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 100 пайызды құрайды, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 75,4 пайызға дейін ұлғайды. 2014 жылдан бастап жаңа үлгідегі кабинеттермен жабдықталған мектептердің үлесі 42 пайыздан 52% дейін өсті. Тегін ыстық тамақпен 1 сынып оқушылары (16 мың бала) қамтылған.

Білім сапасын арттыру үшін «Nur Otan» партиясы келесі міндеттерді алға қояды:

  • 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтуды сақтау және 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамтуды 85 пайызға дейін ұлғайту жөнінде шаралар қабылдау;
  • бірінші сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен 100% қамтуды сақтау;
  • саны аз 250 шалғайдағы ауылдық мектептердің штаттық режимде және 307 мектептің дистанциялық режимде жұмыс істеуін ұйымдастыру;
  • Қашықтықтан оқыту кезеңінде жеке компьютерлік техникасы жоқ оқушылар мен мұғалімдерге уақытша пайдалануға мектеп компьютерлері немесе ноутбуктері беріледі (биыл 1383 бірлік сатып алынды, тағы 429 бірлік компьютерлік техника сатып алу жоспарланған);
  • ауылдарда 10 жаңа мектеп және Көкшетау қаласында 1 мектеп салу, үш ауысымды білім беруді жою үшін қосымша оқу корпустарын салу үшін Көкшетау қаласының 4 мектебінің алаңын кеңейту;
  • 2021 жылы Жарқайың ауданындағы Державинск қаласындағы мектепті жөндеу, Жарқайың, Біржан сал, Бұланды аудандарында және Жарқайың ауданының Фурманов ауылында авариялық мектепті жою үшін жаңадан мектеп салу;
  • 60 білім беру объектісіне жөндеу жүргізу (жыл сайын 12 объект бойынша);
  • облыстың барлық 555 мемлекеттік мектебін кезең-кезеңімен химия, биология, физика пәндері кабинеттерімен жарақтандыру;
  • педагогтардың 85% -ын аттестаттаудың жаңа жүйесімен қамту;
  • ТжКБ түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейін 75 пайызға дейін жеткізу, кадрларды даярлау сапасын арттыру және дуальды білім беру қағидаттарын сақтау есебінен.

Нәтижесінде 2023 жылға қарай аймақтағы үш ауысымды мектептер мен апатты жағдайдағы мектептердің мәселесі 100% шешілетін болады.

Біздің партия Ақмола облысы тұрғындарының үмітін ақтау, халықтың барлық тобының мүдделерін білдіру және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет ету үшін барлық қажетті шараны қабылдайтын болады.

Біздің Сайлауалды бағдарламамыз өңірді кешенді дамытуға бағытталған, аймағымызды экономиканың тұрақты, бәсекеге қабілетті құрылымымен және өмір сүру үшін жайлы әрі қауіпсіз өмір сүру аумағымен серпінді дамитын нақты шараларды ұсынамыз және оның нақты шешімін табуына ат салысамыз.

Маған осынау жауапты қоғамдық кеңесті басқаруды сеніп тапсырған әріптестеріме, партия басшылығына ризашылығымды білдіре отырып, алдағы уақытта Сіздермен тығыз байланыста жұмыс істейміз деген сенімдемін. Барлық сұрақтарыңыз бен игі бастамаларыңызға ашықпын.

Бірге талқылайық!

Марат Сырлыбаев 

Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университінің ректоры

Білім мен ғылым мәселелерін дамыту бойынша қоғамдық кеңестің төрағасы

Ақмола облыстық мәслихатының депутаты

Back to top button