Жаңалықтар

Балалар МӘМС аясында қандай медициналық көмек ала алады? – ТОП-10 сұраққа жауап

ашық дереккөзі

Балалар МӘМС аясында қандай медициналық көмек ала алады? – ТОП-10 сұраққа жауап

- Балаларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасын төлеу қажет пе? - 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекет МӘМС үшін аударымдар жасайды. Сондықтан медициналық сақтандыру пакетіндегі медициналық көмек балаларға толық тегін. - Балаларға арналған стоматологиялық қызметтер МӘМС пакетіне кіре ме және қандай қызметтерді тегін алуға болады? - 18 жасқа дейінгі балаларға стоматологиялық көмек шұғыл және тегін көрсетіледі. Медициналық сақтандырудың стоматологиялық қызметтер пакетіне мыналар кіреді: - тісті жансыздандыру және жұлу; - пломба салу; - абсцесстерді ашу; - пульпит, периодонтитті емдеу; - гипоплазия, флюороз кезінде тістің анатомиялық пішінін толық функционалдық қалпына келтіру; - ерін мен тілдің пластикасы; - рентгенография; - ортодонтиялық қызметтер: жақ-бет аймағының туа біткен патологиялары және таңдайдың бөлінуі болған кезде. Стоматологиялық көмек алу үшін емханаға да, стоматологиялық клиникаға да жүгіне аласыз. Бұл ретте, стоматологиялық қызмет көрсететін клиника Қормен келісім шарт жасасқан болуы тиіс. - Қандай жағдайларда балалар құрғақ сүт қоспаларымен тегін қамтамасыз етіледі? Бір жасқа дейінгі балалар үшін бейімделгіш құрғақ қоспалар тіркелген жеріндегі емханаларда беріледі, егер -   нәрестені асырап алған болса; - анасында АИТВ инфекциясының немесе туберкулездің белсенді түрінің, жіті психикалық аурулардың, туа біткен және пайда болған жүрек ақауларының, жүрек-қантамыр жүйесінің декомпенсациясымен ілесе жүретін аурулардың, эндокриндік және аллергиялық аурулардың ауыр түрлері болса; - балада туа біткен лактоза жеткіліксіздігінің, галактоземияның, фенилкетонурияның, "үйеңкі шәрбаты" ауруы болса; - анасы цитостатикалық, радиоактивті, тиреоидты, психотроптық және есірткі дәрілік препараттарды қабылдаса; - бірнеше баланың дүниеге келуі және ана сүтінің жетіспеушілігі болған жағдайда; - анасы күндізгі оқу нысанында оқыса; - анасы стационарда емделіп жатса. - Созылмалы аурулары бар балаларға қандай оңалту шаралары қарастырылған? - Созылмалы аурулары бар балалар мен жасөспірімдер жылына екі-үш рет тұрақты медициналық оңалтудан өте алады. Бұл асқынулардың алдын алу үшін емханаларда динамикалық бақылау кезінде жасалады. Үшінші кезеңді оңалтуды пациенттің ауруына байланысты емхананың медицина қызметкерлерінің жолдамасы бойынша емханаларда, күндізгі және тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда, оңалту орталықтарында және үйдегі стационарларда жүргізеді. 2020 жылы балаларға арналған 58 мың оңалту іс-шаралары жүргізілді, оның жартысынан көбі созылмалы аурулар кезінде өткізілді. - Спорттық секцияларға жазылмас бұрын ЭКГ, жүрек ультрадыбысын тегін алуға және балаға кардиологтың тексеруінен бола ма? - Алуға болады. Ол үшін тіркелген жері бойынша учаскелік дәрігердің/педиатрдың қабылдауына жазылу, консультация кезінде жүгіну себебін көрсету қажет. Дәрігер кардиологқа жолдама береді және ол спортқа қарсы көрсеткіштерді болдырмау үшін қажетті шараларды тағайындайды. - Қандай жағдайларда балалар дәрігерін үйге шақыруға болады? - 5 жасқа дейінгі балаларға денсаулық жағдайының кез келген нашарлауы кезінде учаскелік дәрігер үйде қызмет көрсетеді. 5 жастан асқан балаларға үйге шақырған кезде оның шақыру себебіне және баланың жағдайына байланысты алғашқы медициналық - санитариялық көмек маманы – дәрігер немесе орта медицина қызметкері көмек көрсетеді. - Жеке клиникаларда жоспарлы егуді тегін алуға бола ма, ол үшін не істеу керек? - ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына сәйкес, инфекциялық ауруларға (туберкулез, гепатит, полиомиелит, көкжөтел, дифтерия және сіреспе, B типті гемофильді инфекция, пневмококкты инфекция, қызылша, қызамық және паротит (свинка) қарсы жоспарлы профилактикалық екпелер – балаларға меншік нысанына қарамастан, тіркелген жеріндегі медициналық ұйымда тегін жүргізіледі. - Балаға туа біткен жүрек аномалиясы диагнозы қойылды, оған қандай көмек қажет? - Туа біткен жүрек кемістігі бар балаларға медициналық көмек диагностикалау мен емдеудің барлық кезеңдерінде тегін көрсетіледі. - Балабақшаға немесе мектепке тіркеуге тұрған кезде медициналық анықтама сатып алу керек пе? - Сатып алудың қажеті жоқ. Балабақшаға немесе мектепке қабылдау үшін медициналық анықтаманы тіркелген жері бойынша емханадан сұратуға болады. Анықтамаға баланың физиологиялық параметрлері, барлық аллергиялық реакциялар, созылмалы және бұрын болған инфекциялық аурулар, алынған екпелер, профилактикалық тексерулердің және зертханалық талдаулардың нәтижелері және т. б. енгізіледі. Одан кейін бұл картаны  балабақшаның медицина қызметкері толтыруды жалғастырады. - Балаларға профилактикалық тексерулерді қаншалықты жиі өткізуі керек? - Балаларды профилактикалық тексеру жыл сайын – туғаннан бастап кәмелетке толғанға дейін жүргізіледі. Мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілерін, мектеп оқушыларын, орта арнаулы оқу орындарының оқушыларын және 18 жасқа дейінгі студенттерді білім беру ұйымдарындағы көшпелі бригада тексереді. Мектепке дейінгі мекемелерге бармайтын балаларды тексеру емханада немесе отбасылық денсаулық орталығында жүргізіледі.