1 шілдеден бастап халықты құжаттандыруда қандай өзгерістер болатыны белгілі болды

Келесі аптадан бастап ел азаматтары электронды төлқұжаттарын нотариаттық құжаттарын тіркеуде пайдалана алады. Сондай-ақ, нотариальды құжаттар электронды форматқа ауыстырылады, бұл азаматтарға есік қағып жүрмеуге, пошталық төлемдерден және курьерлерден аулақ болуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Әділет вице-министрі Азамат Әмірғалиев ОКҚ брифингінде айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Нотариаттық қызметті цифрландыру бойынша Әділет министрлігі мен Республикалық нотариустар палатасы жүргізетін жұмыс шеңберінде E-notary және eGov mobile ақпараттық жүйелерін интеграциялау қарастырылған. Мұндай интеграция осы аптада аяқталады, ал келесі аптадан бастап азаматтар белгілі бір нотариаттық құжат тіркеу кезінде өздерінің электрондық жеке куәліктерін қолдана алады, – деді Әмірғалиев.

Оның айтуынша, 1 шілдеден бастап QR-код арқылы жұмыс істейді. Бұл қадам жалған құжаттарды болдырмау және қағаз бланкілерден бас тартуға мүмкіндік береді.

Мысалы, егер бұрын сенімхаттың түпнұсқалығын тексеру нотариусқа жүгіну арқылы жүзеге асырылса, енді оны QR-код бойынша смартфондағы қосымшаның көмегімен тексеруге болады. Одан бөлек, шілдеден бастап мүлікті тіркеу бойынша эксаймақтық жүйе енгізіледі. Егер бұрын мүлікті тіркеу оның тұрған жеріндегі нотариуста тіркелсе, қазір тараптар кез келген нотариуста тіркей алады. Вице-министрдің айтуынша, халыққа ыңғайлы болу үшін электрондық құжаттың қағаз құжатқа тең екендігін куәландыру бойынша нотариаттық іс-әрекеттер енгізілген. Бұл азаматтарға қажетсіз жол жүруден, поштамен және курьерлер арқылы жіберуден құтылуға мүмкіндік береді, – деді ол.

Сондай-ақ, егер бұрын жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелер нотариустың орналасқан жері бойынша куәландырылған болса, енді тараптар оның орналасқан жеріне қарамастан кез келген нотариусқа жүгіне алады.

Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.

Back to top button