Қазақстанда тағы бір мереке пайда болуы мүмкін

Қазақстанда тағы бір мереке пайда болуы мүмкін

Қазақстанда тағы бір мереке пайда болуы мүмкін
ашық дереккөзі
Ауыл шаруашылығы министрлігі малшылар күнін бекіту арқылы сала жұмыскерлерінің беделін арттыруды, оларды көтермелеуді көздеп отыр Sputnik.кz сайтының жазуынша, Қазақстанда Малшылар күні пайда болуы мүмкін. Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесіне толықтыру енгізген Үкімет қаулысы жобасын әзірледі. Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Онда Малшылар күнін маусымның екінші жексенбісінде атап өту ұсынылған. «Жобаның мақсаты – елімізде малшылар күні мерекесін бекіту, сондай-ақ сала жұмыскерлерінің беделін арттыру, салада қол жеткізген жетістіктері үшін оларды көтермелеу», - делінген түсіндірме жазбада. Қаулы жобасын іске асыру республикалық бюджеттен қаржылық шығындарға және теріс әлеуметтік-экономикалық немесе саяси-құқықтық салдарға әкеп соқпайды. Қоғамдық талқылау 5 мамырға дейін созылады.