«Арайстроймаркет-2003» іргелі партиялық құрылымға айналып келеді

«Арайстроймаркет-2003» іргелі партиялық құрылымға айналып келеді

«Арайстроймаркет-2003» іргелі партиялық құрылымға айналып келеді
ашық дереккөзі

«Nur Otan»  партиясы Тараз қалалық филиалы «Арайстроймаркет-2003» бастауыш партия ұйымының есеп беру-сайлау жиналысы өтті. Жиынға ұйым төрағасы Арман Еділбаев пен бірге партия Тараз қалалық филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі Жанар Орынбаева қатысты.

Шараның күнтәртібіндегі мәселе бойынша  «Арайстроймаркет-2003»  бастауыш партия ұйымының төрағасы Арман Еділбаев баяндама жасады.

– Бастауыш партия ұйымы 2008 жылдың қазан айында құрылған. Қазіргі таңда ұйымның 428 мүшесі бар. Партиялық ұйым 16 партиялық топтан құралған. Ұйым мүшелері есепті кезеңде «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел», «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» партиялық жобалары аясында түрлі форматтағы іс-шараларға қатысты. Сондай-ақ ұйым мүшелері «Мектепке жол» акциясына да ат салысып, тұрмысы төмен, әлеуметтік жағдайы нашар отбасылардан шыққан балаларға мектеп формасын, оқу құралдарын алып беруге демеушілік танытып келеді. «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы аясында біздің партиялық құрылым Ұлы Отан соғысының ардагері Мұрат Жанәліні қамқорлыққа алған. Партия белсенділері ардагерлердің хал-жағдайларын біліп, мерекелерде ардагерлердің үйлеріне барып, үй шаруасына көмектесіп, сый-сияпат табыстап тұрады. Мұнан бөлек қарттарға аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға да ай сайын азық-түлік себеттері табысталып, түрінде қайырымдылық көмек ай сайын көрсетіледі. Есепті кезеңде ұйым төрағасы өз есебінен «Шөлдала» алқабында 175 аса отбасыға және«Қаратау», Қарасу» мөлтек аудандары мен Асқаров көшесіндегі жатақханада тұратын көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың үйіне азық-түлік себеттерін таратты. Бастауыш партия ұйымының мүшелері Тараз қаласы мен облыстың қоғамдық өміріне белсене араласады, – деді Арман Захарыпұлы. Мұнан кейін бастауыш партия ұйымының Бюро мүшелері, төрағасы сайланды. Ұйым мүшелерінің ортақ шешімімен бастауыш партия ұйымына жетекшілік жасау осыған дейін өз міндетті мүлтіксіз атқарып келген Арман Еділбаевқа қайта жүктелді. Сонымен бірге ұйым атынан «Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалының XXXІ есеп беру-сайлау конференциясына делегаттардың кандидатурасы бекітілді.  width=