Келесі аптадан бастап Түркияға ұшатын әуе рейстерінің саны қысқартылады

20 сәуір, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Келесі аптадан бастап Түркияға ұшатын әуе рейстерінің саны қысқартылады 26 сәуірден бастап Түркия мен Қазақстан арасындағы әуе рейстерінің саны 20-дан 9-ға дейін қысқартылады, – деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі. «Ведомствоаралық комиссияның тиісті хаттамасына сәйкес 26 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы рейстердің жалпы санын аптасына 20-дан 9 рейске дейін қысқарту тапсырылды», – деп жазылған министрлік ұсынған мәліметте. Ведомстовның ресми мәліметінше, қысқартылған рейстердің кестесі мынадай: 20 сәуірдегі жағдай бойынша екі ел арасында 7 бағыт бойынша аптасына 20 рейс орындалады: «Рейстер саны бойынша шектеулер эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін қолданылады», – деп толықтырды министрлік.