Келесі аптадан бастап Түркияға ұшатын әуе рейстерінің саны қысқартылады

Келесі аптадан бастап Түркияға ұшатын әуе рейстерінің саны қысқартылады

Келесі аптадан бастап Түркияға ұшатын әуе рейстерінің саны қысқартылады
ашық дереккөзі
26 сәуірден бастап Түркия мен Қазақстан арасындағы әуе рейстерінің саны 20-дан 9-ға дейін қысқартылады, – деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі. «Ведомствоаралық комиссияның тиісті хаттамасына сәйкес 26 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы рейстердің жалпы санын аптасына 20-дан 9 рейске дейін қысқарту тапсырылды», – деп жазылған министрлік ұсынған мәліметте. Ведомстовның ресми мәліметінше, қысқартылған рейстердің кестесі мынадай: 20 сәуірдегі жағдай бойынша екі ел арасында 7 бағыт бойынша аптасына 20 рейс орындалады:
  • Нұр-Сұлтан – Ыстанбұл, 2 рейс;
  • Нұр-Сұлтан – Анталя, 1 рейс;
  • Алматы – Ыстанбұл, 7 рейс;
  • Алматы – Анталя, 5 рейс;
  • Түркістан – Ыстанбұл, 2 рейс;
  • Ақтау – Ыстанбұл, 1 рейс;
  • Шымкент – Ыстанбұл, 2 рейс.
«Рейстер саны бойынша шектеулер эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін қолданылады», – деп толықтырды министрлік.