Келесі аптадан бастап Түркияға ұшатын әуе рейстерінің саны қысқартылады

26 сәуірден бастап Түркия мен Қазақстан арасындағы әуе рейстерінің саны 20-дан 9-ға дейін қысқартылады, – деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

«Ведомствоаралық комиссияның тиісті хаттамасына сәйкес 26 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы рейстердің жалпы санын аптасына 20-дан 9 рейске дейін қысқарту тапсырылды», – деп жазылған министрлік ұсынған мәліметте.

Ведомстовның ресми мәліметінше, қысқартылған рейстердің кестесі мынадай:

20 сәуірдегі жағдай бойынша екі ел арасында 7 бағыт бойынша аптасына 20 рейс орындалады:

  • Нұр-Сұлтан – Ыстанбұл, 2 рейс;
  • Нұр-Сұлтан – Анталя, 1 рейс;
  • Алматы – Ыстанбұл, 7 рейс;
  • Алматы – Анталя, 5 рейс;
  • Түркістан – Ыстанбұл, 2 рейс;
  • Ақтау – Ыстанбұл, 1 рейс;
  • Шымкент – Ыстанбұл, 2 рейс.

«Рейстер саны бойынша шектеулер эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін қолданылады», – деп толықтырды министрлік.

Back to top button