Ауыл оқушылары «толық күн» жұмыс істейтін форматқа көшіріледі

Ауыл оқушылары «толық күн» жұмыс істейтін форматқа көшіріледі

Ауыл оқушылары «толық күн» жұмыс істейтін форматқа көшіріледі
ашық дереккөзі
Ауыл мектептерінің оқушылары үшін «толық күн» жұмыс істейтін форматқа көшу жоспарланған. Бұл турал Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. «Ауыл мектептерінің көбісі бір ауысымда оқитын болғанның арқасында, оқушылары үшін «толық күн» жұмыс істейтін форматқа көшу жоспарланды. Ауыл балаларының дамуындағы ерекшеліктерін ерте анықтауға және оларды уақытылы қолдауға назар аударылады», – деді ол. Министрдің дерегінше, бүгінгі таңда ауылда ерекше қажеттіліктері бар 58 мың бала арнайы көмекті қажет етеді. «Ол үшін ауылда психологиялық-медициналық-педагогикалық кабинеттер мен түзету кабинеттерінің саны кеңейтіледі, қосымша орталықтарды ашамыз», – деді Асхат Аймағамбетов.