- салымшы-жеке тұлғадан өз табысы есебінен өз пайдасына немесе салымшыдан (жеке/заңды тұлғадан) алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарнасы;
- ҚДКБҚ-дан кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы негіз болып табылады.
1 мамырдан бастап талап етілмеген депозиттер БЖЗҚ-ға аударылады
1 мамырдан бастап талап етілмеген депозиттер БЖЗҚ-ға аударылады
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры лицензиядан айырылған банктегі талап етілмеген депозиттерді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударады. Бұл норма 2021 жылдың 1 мамырынан бастап қолданысқа енгізіледі.
БЖЗҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылдың 1 мамырынан бастап Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) талап етілмеген кепілді өтем сомаларын ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есепке алынатын жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) есепке алу үшін БЖЗҚ-ға аудару тәртібін белгілейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормалары қолданысқа енгізіледі.
«Бұл дегеніміз, егер депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болған және барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған депозит салымшысы кепілдік берілген өтемді төлеу басталған күннен бастап бір жыл ішінде Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына жүгінбесе, онда кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есепке алынатын жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) есепке жатқызу үшін БЖЗҚ-ға аударады», – делінген хабарламада.
Бұдан басқа, 1 мамырынан бастап ЕЗЖ есепке алынатын ЖЗШ-ны автоматты түрде (өтініш бермей) ашу үшін БЖЗҚ-ға алғаш рет түскен: