Жамбыл өңіріндегі «Қаратөбе» бастауыш партия ұйымының есеп беру жиыны өтті

Жамбыл өңіріндегі «Қаратөбе» бастауыш партия ұйымының есеп беру жиыны өтті

Жамбыл өңіріндегі «Қаратөбе» бастауыш партия ұйымының есеп беру жиыны өтті
ашық дереккөзі
Жамбыл өңірінде  «Nur Otan» партиясының бастауыш партия ұйымдарының  есеп беру жиналыстары басталды. Аптаның алғашқы күнінде облыстағы барлық аудан мен Тараз қаласындағы 53 бастауыш партия ұйымында есеп беру жиындары өтті.  width= Солардың қатарында партияның Жамбыл аудандық филиалына қарасты «Қаратөбе» бастауыш партия ұйымы да бар.  Бектөбе ауылының мәдениет үйінде өткен жиынға бастауыш партия ұйымының мүшесімен бірге партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рүстем Қасымов та қатысты. Жиынның күнтәртібіне қойылған алғашқы мәселе бойынша «Қаратөбе» бастауыш партия ұйымының төрайымы Мөлдір Қырықбаева баяндама жасады.
  • 2018 жылдың қарашасы мен 2021 жылдың сәуір аралығында бастауыш партия ұйымы Бюросының 7 отырысы және бастауыш партия ұйымы мүшелерінің 9 жиналысы өтті. Жиындарда ауылдағы аумағындағы мекеме басшылары мен партиялық топ жетекшілерінің, Бюро мүшелерінің есептері тыңдалды.
Бір сөзбен айтқанда «Қаратөбе» бастауыш партия ұйымы өз қызметінде партия ұйымдарында  ішкіпартиялық жұмыстарды жаңаша ұйымдастырып, партиялық топтардың қоғамдағы беделін арттыруға күш жұмсап келеді. Бастауыш партия ұйымы жеке кабинетпен және қажетті материалдық- техникалық базамен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда «Қаратөбе» бастауыш партия ұйымында 5 топ, 183 партия мүшесі бар. Ұйым мүшелерінің дені білім және денсаулық сақтау қызметкерлерінен тұрады.  Сондай-ақ соңғы 2 жылда  23 азамат  «Қаратөбе» бастауыш партия ұйымы арқылы партия қатарына қабылданды.
Ұйым жұмысындағы жаңашылдық ретінде оның жанынан қоғамдық қабылдау кестесі жасалып, өтініш білдірушілермен тығыз байланыс орнатылғанын айтуға болады. Бастауыш партия ұйымының төрайымы ретінде, түскен арыз-шағымдардың елді толғандыратын сауалдардың шешімін табуға өз үлестерімізді  қосып келеміз, – деді М.Қырықбаева.
Өз сөзінде бастауыш партия ұйымының төрайымы партия ұйымы жиналыстарының тоқсанына 1 рет ұйымдастырылатын жеткізді. Мұнан бөлек жергілікті партия белсенділерімен «БПҰ күні» шарасы да өткізілген. Жалпы партиялық жобалар аясында «қаратөбеліктер» 92 іс-шара ұйымдастыруға мұрындық болып, онда 5088 азамат қамтылған. 2019 жылы аудандық «Үздік БПҰ-2019»   байқауға қатысып, І орынды иеленген ұйым облыстық байқаудан да жүзден жүйрік шыққан. Бастауыш партия ұйымының төрайымы өткен жылы өткен партияішілік праймеризде бақ сынап, Жамбыл аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды. Бастауыш партия ұйымы төрайымының баяндамасынан соң партиялық топ жетекшілері Роза Бөпетаева, Балауса Сабиржанова, Мөлдір Нуралиева жарыссөзге шықты. Жиында «Қаратөбе» бастауыш партия ұйымы Бюросының құрамы, партия ұйымының төрайымын және орынбасары сайланды. Бұл жолы да бастауыш партия ұйымының мүшелері ұйымға 11 жылдан бері абыроймен жетекшілік жасап келе жатқан Мөлдір Қырықбаеваға сенім артты. Жиын күнтәртібіне сай  «Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық филиалының ХХVІІІ есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар да сайланды.