Бауыржан Байбек: Алматыдағы Назарбаев атындағы даңғыл – тарихи көше

Бұл жайында «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек блогер Тәңірберген Бердіоңғаровқа берген сұхбатында айтты.

Кейінгі дәуірде Алматы көшелерін қазақыландыру ісі жаңа екпінмен басталғаны белгілі. Оның біразы Бауыржан Байбектің Алматы қаласының әкімі болып істеген жылдарында жүзеге асты. Соның бірі Алматыдағы ең ұзын көшелердің бірі, ұзақ жылдар бойы кеңестік саяси қайраткер, жазушы Д.Фурманов атындағы көшенің Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы даңғыл атауын алуы.

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек блогер Тәңірберген Бердіоңғаровқа берген сұхбатында аталған мәселеге арнайы тоқталып былай дейді: «Біріншіден, Фурманов көшесі – Президенттің резиденциясы орналасқан үлкен орталық көше. Алматы қаласы – бұл біздің мыңжылдық арманымызды жүзеге асырған қала екенін ұмытпаңыз. Осында тәуелсіздік алдық, өз мемлекетімізге қол жеткіздік. Біздің Тәуелсіздігіміздің алғашқы 7 жылына Алматы Тәуелсіз Қазақстанның астанасы болып тұрды. Дәл осы қалада Фурманов көшесінде тұрып Елбасы қиын да тарихи шешімдерді қабылдады. Егемендік туралы декларацияы, өз конституциямызды қабылдап, көршілерімізбен достық қарым-қатынас орната алды. Біздің шекарамызды делимитациялау мәселесі толығымен шешіп берді. Сондай-ақ, Каспий маңы елдері, ішінде біздің елде бар, Каспий теңізін бөліп алып, делимитация жұмысын аяқтады.

Елбасы өзінің тарихи миссиясын аяқтады – ол барлық шекараларды сипаттады, халықаралық кепілдіктер алды, ядролық қарудан бас тарту туралы шешім қабылдады, Семей полигонын жауып, Арал теңізінің жаһандық проблемасын шешті, азаматтардың әл-ауқатын көтерді, біртұтастық пен келісімдегі мемлекеттің ерекше моделін құрды. Біз мұны ұмытпауымыз керек. Мен Нұрсұлтан Әбішұлы сияқты тарихи тұлға бұдан да үлкен марапаттарға лайық, оны көзі тірісінде жасаған дұрыс деп санаймын».

Back to top button