Қазақстан Илон Масктің компаниясымен келіссөз жүргізіп жатыр

Қазақстан Илон Масктің компаниясымен келіссөз жүргізіп жатыр

Қазақстан Илон Масктің компаниясымен келіссөз жүргізіп жатыр
ашық дереккөзі
Қазақстан SpaceX компаниясымен наурыз айының соңынан бері келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы  Orda.kz хабарлайды - Наурыз айының соңынан бастап біз SpaceX-пен келіссөз жүргізіп жатырмыз. SpaceX-тің мемлекеттік реттеушілермен байланыс жөніндегі директоры Мэтт Ботвинмен бірнеше онлайн-кездесулер өткіздік, - деп Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook-тегі парақшасында жазды. Ол телепорт стансасы Алматы маңында орналасатынын да атап өтті.
- Министрліктің мақсаты - Қазақстандағы әрбір елді мекенді интернетпен қамтамасыз ету. Телепорт станциясын Алматы маңында орналастыруға және бес елді мекенді тестке қосуға алдын ала келісімге келдік. Ауылдардағы нүктелердің санын ұйымдық мәселелердің пысықталуына қарай нақтылайтын боламыз. Қандай да бір жаңалық болса, әлеуметтік желілерде бөлісемін. Толық келісімге келген кезде, қандай бағытта жұмыс істейтініміз туралы мәлімдеп, SpaceX-пен бірлескен баспасөз релизін жариялаймыз, - деді министр.