Қазақстандық таеквондошы Испанияда өткен турнирде жүлдегер болды

20 сәуір, 2021 / Ділда УӘЛИБЕК
ашық дереккөзі
Қазақстандық таеквондошы Испанияда өткен турнирде жүлдегер болды Қазақстандық таеквондошы Шамсат Дүйсенов Испаниядағы халықаралық жарыстың қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Ол Аликантта өткен G-1 Spanish Open 2021 сериясының турнирінде 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Турнир қорытындысы бойынша ол үш жекпе-жектің екеуін жеңіп, қола жүлдеге ие болды.