Жастар арасында бастауыш партия ұйымы қатарына қосылғысы келетіндер көп

Жастар арасында бастауыш партия ұйымы қатарына қосылғысы келетіндер көп

Жастар арасында бастауыш партия ұйымы қатарына қосылғысы келетіндер көп
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының қаулысына сәйкес өңірдегі бастауыш партия ұйымдарының жиналысы өткізіліп жатыр. Бүгін Павлодар қаласының трамвай басқармасы АҚ бастауыш партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналысын өткізді. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. 1. БПҰ-ның 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары және алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы есеп; 2. Партия филиалының XXXIV конференциясына делегаттарды сайлау. Бірінші мәселе бойынша бастауыш партия ұйымының төрағасы Муслим Махмудов сөз сөйледі. - 2020 жылы БПҰ-ның партиялық тізімі 182, ал 2021 жылдың бірінші тоқсанында 33 партия мүшелерімен толықты. Әсіресе, жастар арасынан партия қатарына қосылғысы келетіндер көп. Партиялық куәліктерді табыстау әрдайым салтанатты жағдайда өткізіледі. 2020 жылы "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында тыл еңбеккерлеріне азық-түлік жиынтығы түрінде көмек көрсетілді, сондай-ақ трамвай басқармасының жалғыз тұратын зейнеткерлерін қыста көмірмен қамтамасыз етеміз. Көп балалы отбасылардан шыққан балаларға тегін трамвай жол жүру билеттері ұсынылды, - деді Муслим Махмудов. Екінші мәселе бойынша партияның қалалық филиалының XXXIV конференциясына делегаттар сайланды.