Жағдай нашарлауы мүмкін: Алексей Цой жаңа болжам айтты

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцина алу статистикасын негізге ала отырып, эпидахуалға болжам айтты, – деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында вакцина алғандарда иммунитет қалыптасуы үшін біраз уақыт керек екенін және бүкіл халыққа бір уақытта екпе салу мүмкін болмағандықтан вакцинаның әсері толықтай байқалмауы мүмкін екенін айтты.

«Кейіннен вакцинаның әсері күшейіп, елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына әсер етеді», – деп атап өтті ол.

Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтыратындардың саны әлі де арта түседі деген болжам айтады. Атап айтқанда, сәуір айының соңында тәулігіне 3 000-ға дейін ал мамыр айының ортасында күніне 4000 жағдай тіркелуі мүмкін.

Back to top button