Нұр-Сұлтанда бөртегүлдің мыңнан аса түрі өсетін бақ пайда болады

20 сәуір, 2021 / Ділда УӘЛИБЕК
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтанда бөртегүлдің мыңнан аса түрі өсетін бақ пайда болады Нұр-Сұлтан қаласында осы көктемде бөртегүл бағы ашылады. Бұл туралы instagram желісіндегі astanovka98 парақшасында жазылды. Қаладағы Триатлон паркінің жанындағы жеке аймаққа бөртегүлдің әртүрлі сорттарының 1000-нан астам бұталары отырғызылады. Бұл - тұрғындар үшін керемет демалыс орны болмақ. Бөртегүлдерді жаппай отырғызу мамыр айында басталады.