Нұр-Сұлтан көшелерінің бірінде асфальт опырылып түсті (видео)

Нұр-Сұлтан көшелерінің бірінде асфальт опырылып түсті (видео)

Нұр-Сұлтан көшелерінің бірінде асфальт опырылып түсті (видео)
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласындағы Шоқан Уәлиханов пен Ғұмар Қараш көшелерінің қиылысында асфальт опырылып кетті,-деп хабарлайды Tengrinews.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. https://youtu.be/m4JtHjKClRk Қазіргі кезде аймақ қоршауға алынған. Әкімдік хабарлағандай, бұл келеңсіз жағдай жол салу кезінде мердігер ұйымның жіберген қателігінен орын алған. Нәтижесінде нөсерлік кәріз коллекторы су астында қалып, жол опырылып түскен.  width=
"Мердігер ұйым жауапкершілікке тартылады. 19 сәуірде әкімдік басқармалары, ШЖҚ "Elorda Eco System" МКК, сондай - ақ ЖП ӘПБ жол төсемін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді",-деп хабарлады Нұр-сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі.