Нұр-Сұлтан көшелерінің бірінде асфальт опырылып түсті (видео)

Нұр-Сұлтан қаласындағы Шоқан Уәлиханов пен Ғұмар Қараш көшелерінің қиылысында асфальт опырылып кетті,-деп хабарлайды Tengrinews.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қазіргі кезде аймақ қоршауға алынған. Әкімдік хабарлағандай, бұл келеңсіз жағдай жол салу кезінде мердігер ұйымның жіберген қателігінен орын алған. Нәтижесінде нөсерлік кәріз коллекторы су астында қалып, жол опырылып түскен.

bca9c73c 0aac 47ac b4ce 4edec8f7690e

«Мердігер ұйым жауапкершілікке тартылады. 19 сәуірде әкімдік басқармалары, ШЖҚ «Elorda Eco System» МКК, сондай – ақ ЖП ӘПБ жол төсемін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді»,-деп хабарлады Нұр-сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Back to top button