Екінші рет коронавирус жұқтырып алған Толқын Забирова 74 жастағы анасына қатты алаңдауда

Екінші рет коронавирус жұқтырып алған Толқын Забирова 74 жастағы анасына қатты алаңдауда

Екінші рет коронавирус жұқтырып алған Толқын Забирова 74 жастағы анасына қатты алаңдауда
ашық дереккөзі
Белгілі әнші Толқын Забирова коронавирус індетін екінші рет жұқтырып алды. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды. «Екінші рет ауырып қалу мүмкін емес, деп жүріп...Антителаның арқасында жеңілірек өтіп жатыр. Тек мамама ауыр болып тұр. Жасы – 74. Алла шипасын берсін мамама», – деп жазды әнші. Сонымен қатар, ол уақытында вакцина алған дұрыс екенін атап өтті. «Дер кезінде прививка алған дұрыс екен. Бір-ақ осындай жаста, үлкендерге салдыруға болар ма екен?! Бәріміз аман болайық, ауырып жатқандарға Алла күш-қуат беріп, мына індеттен құтылып, мереке күндерде бас қосайық, достар», – деді Толқын Забирова.