Алматыда белгісіз біреулер иттің төрт сирағын кесіп тастаған

Алматыда белгісіз біреулер иттің төрт сирағын кесіп тастаған

Алматыда белгісіз біреулер иттің төрт сирағын кесіп тастаған
ашық дереккөзі
Алматыда белгісіз біреулер иттің төрт сирағын кесіп тастап, мазақ етті, деп хабарлайды Liter.kz.  
"Медеу аумағында "маньяк" бар. Иттің төрт сирағын, сіңірлерін, мұрынын кесіп тастады. Ол адамның жануарды қалай азаптағаны туралы толыққанды жазғым келмейді. Бірақ мен ол жауыздың үсітнен арыз жазамын", – деп жазды ерікті Аксиня Маковецкая өзінің әлеуметтік парақшасында. Алматылық әйел ол адамды тауып, жазалау керектігін айтады. Оған қоса, жануарлар туралы заң күшейеді деген сайын, мұндай жағдайлардың көбейгенін айтып қынжылды. Оның айтуынша, мұндай жануарларға қатігездік көрсететіндерге жаза қолданылмай отыр. Алайда еріктінің өтінішін Алматы қаласы Медеу ауданының полиция бөлімі қабылдаған. Ал жарақат алған итке арнайы екпе салып, ұйықтатып тастаған. Өйткені жануардың жарақаты өте  ауыр.