«Тұрғын үйлерді бұзуға тура келеді». Алматыда жаңа экологиялық орталық салынбақ

Алматыда экологиялық инновациялар орталығын салу үшін «Қазақфильм» студиясының жанындағы тұрғын үй алабын бұзу жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

photo5469793160042492440
Сурет @almaty_news Instagram парақшасынан алынды

Үйлерді бұзуға тура келетіні әкімдіктің презентациясында көрсетілген.

Алматы әкімдігінің деректері бойынша, экологиялық инновациялар орталығында экологияның өзекті мәселелері қаралады, көрме, білім беру және зерттеу жұмыстары да жүзеге асырылады.

photo5469793160042492441
Сурет @almaty_news Instagram парақшасынан алынды

Әкімдік сондай-ақ Алматыдағы жаңа жасыл желекті аймақтардың эскиздерін таныстырды.

Back to top button