Жаңалықтар

Ақмола облысында бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті

ашық дереккөзі

Ақмола облысында бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті

Целиноград аудандық партия филиалына қарасты «Родина» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті. Бұл ұйымда 4 партиялық топқа біріктірілген 133 партия мүшесі бар. Іс-шара барлық карантиндік шараларды сақтай отырып, аралас форматта өтті. Оған 80-нен астам партия мүшелері қатысты. Дауыс беру кезінде «Nur Otan» партиясы Целиноград аудандық филиалының кезектен тыс ХХХV конференциясына делегаттар сайланды. Партия мүшесі, «Родина» агрофирмасының директоры Иван Сауэр, партияның аудандық филиалының саяси кеңесінің мүшесі Андрей Веревкин, БПҰ төрағасы Талғат Мұқышев және аудандық мәслихат депутаты Сергей Ибряев делегат ретінде бірауыздан сайланып, ал партия мүшелерінің көпшілік дауысымен «Родина» БПҰ төрағасы болып,   ауылдық округ әкімі Талғат Мұқышев және оның орынбасары ретінде Сергей Ибряев сайланды. «Маған сенім артып, мені таңдағандарыңыз үшін партияластарға  алғыс айтамын. Партия өзінің жетекшісі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен демократиялық қайта құрулар тұрғысынан түбегейлі реформалар жүргізуде және біз бұл бағытты қолдаймыз. Бұл біздің елімізді жетістікке жетелейтініне күмәніміз жоқ, - деп түйіндеді жиынды ұйым төрағасы Талғат Мұқышев. Партиядағы есептік сайлау науқаны сайланбалы органдардың өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты өтіп жатыр.  Партиялық ұйымның есепті кезеңдегі жұмысы бағаланған соң, партия мүшелері БПҰ төрағаларын сайлайды. Сондай ақ, саяси кеңестер мен бюроның құрамын жаңартады. Жалпы, Ақмола облысында 37 мыңнан астам партия мүшелерін біріктіретін 276 БПҰ бар.