Түркістан облысында тағы бір үлкен той тоқтатылды

Түркістан облысында тағы бір үлкен той тоқтатылды

Түркістан облысында тағы бір үлкен той тоқтатылды
ашық дереккөзі
Түркістан облысында 100-ге жуық адамды жинап, бесік той өткізіп жатқан тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Созақ АПБ-ның қызметкерлері карантин режимін және шектеу шараларын сақтау мақсатында тұрақты түрде іс-шаралар ұйымдастыруда. Тәртіп сақшылары тұрғындардың амандығы үшін күнделікті тұрақты түрде рейдтік жұмыстар жүргізгеніне қарамастан, той-жиын азаяр емес. Осы тұста айта кетсек, Созақ ауданында жалпы жыл басынан бері карантин режимін бұзушылықтың 63 дәйегі тіркеліп, әкімшілік хаттамалар түзілген. Оның екеуі жеке кәсіпкер, бесеуі отбасылық мереке өткізгендер. Қалғаны салтанатты іс-шаралар ұйымдастырған. Мысалы, Созақ ауданы Шолаққорған ауылының орталығында орналасқан тойханалардың бірінде күндізгі сағат 15:00-дер шамасында бір тұрғынның бесік той өткізіп жатқандығы анықталды. Аталған тойға 100-ге жуық тұрғын жиналып, өткізіліп жатқан тойды полиция қызметкерлері дер кезінде тоқтатып, тарқатты. Тәртіп сақшылары осы жайтқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша тиісті іс-құжаттарды жинақтап, Созақ аудандық СЭББ-ге жолдады. Өз кезегінде облыс полицейлері індеттің таралуын болдырмау үшін сақтық шараларын қатаң ұстануды ескертеді. Сонымен қатар мейілінше адамдар көп шоғырланған аймақтарға бармауға кеңес береді. Медициналық бетперде тағып, антисептикті жиі пайдаланыңыздар.