Семей қаласының аумағы кеңеймек
Семей қаласының аумағы кеңеймек
Семей әкімдігі қалалық мәслихатпен бірлесіп "Семей қаласының елді мекендерінің шекарасын (шегін) белгілеу туралы" қаулысын дайындады, деп хабарлайды zakon.kz.
Қаланың шекарасы үш елді мекенді қосу есебінен кеңейтіледі:
Алғабас ауылдық округінің Алғабас ауылы, жалпы алаңы
22 853,1 га;
Абыралы ауылдық округінің Абыралы ауылы, жалпы алаңы
13 511,5 га;
Қараөлең ауылдық округінің Қайнар ауылы, жалпы алаңы
23 017,27 га.
"Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жер қатынастары бөлімі" ММ құжат бекітілгеннен кейін жер-есепке алу құжаттамасына қажетті өзгерістер енгізеді.