Келелі жиын – келешек үлесі

Келелі жиын – келешек үлесі

Келелі жиын – келешек үлесі
ашық дереккөзі

Өткен апта маңызды басқосуларға толы болды. Әрбір жиынның астарында ел болашағын жарқын ету, келешегін кемелдендіре түсер мақсат бар. Нақты мәселелер көтеріліп, оны шешудің жолдары қарастырылған басқосуда алдағы жұмыстарға бағыт-бағдар құрылып, идеялар айтылады. Міндеттер айшықтала түседі. Біз, «Nur Otan» партиясы  атынан сайланған депутаттар ретінде партия тарапынан ұйымдастырылған шараларда болсын, жергілікті мәслихаттардың күн тәртібі бойынша белгіленген отырыстарында болсын, өз азаматтық позициямызды, партияның мақсат-міндетін алдыңғы кезекке қоямыз. Себебі, біз саяси нақуанда халық мүддесі жолында еңбек ететінімізді, партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруды айтып, халық сеніміне ие болдық. Енді сайлаушыларымыздың талап-тілегін, бағдарламада көрсетілген нақты мақсат-міндеттерді жүйелі іске асыруымыз, тәуелсіз Қазақстанды әлеуметтік, саяси-экономикалық жағынан дамытуға ат салысуымыз  қажет. Жақында менің төрағалығыммен облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Онда Қызылорда облыстық мәслихаттың кезектен тыс 3-ші сессиясында қаралатын 6 мәселе бойынша ақпараттар жинақталып, алдын-ала депутаттар корпусының назарына ұсынылды. Олар:

  1. «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 519 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
  2. «Қызылорда облысы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 51 шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  3. «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және (немесе) жеңілдікті шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қазандағы № 474 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
  4. «Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 352 шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 11 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әбубәкір Тыныбаевтың есімін беру жөніндегі ұсынысты енгізу туралы;
  6. «Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының құрамын сайлау туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 290 шешіміне толықтыру енгізу туралы.

Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында қаралған мәселелер сессия қарауына жіберіліп, онда нақты шешімдер қабылданды. Комиссия отырысында сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, генерал-майор Қанат Оспанұлы Қожахметов және департамент басшысының бірінші орынбасары Ғалия Ұбайдуллақызы Әлімқұлова қатысты. Қанат Оспанұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасына және әкімшілік Кодексіне енгізілген өзгерістерді ақпараттандырудың маңызы зор екенін жеткізді. Және жаңа өзгерістер туралы депутаттар корпусына қысқаша тоқталды. Ал толығырақ  департамент басшысының орынбасары Ғалия Ұбайдуллақызы баяндап берді. Саяси ұйымның айшықты ақпарының бірі – қоғамдық кеңестердің жаңадан құрылуы. Кеңестер «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен өткен облыстық партия филиалының Саяси кеңесі Бюросының отырысында бекітілді. «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанынан 12 қоғамдық кеңес енді жаңа форматта, жаңа құрамда іске кірісті. Кеңестер партияның сайлауалды бағдарламаларын орындау бағытындағы жұмыстарды жүйелеу, іске асыру, бұл бағытта бюджет қаражатының ашықтығын, тиімді жұмсалуына басымдық беруді міндет етеді. 12 қоғамдық кеңестің бірі Аграрлық секторды дамытуға бағытталған. Бұл облыстық қоғамдық кеңесті басқару маған жүктелді.  Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы консультативтік-кеңесші орган  сайлауалды бағдарламаның «Ауқатты ауылдар» бағытының тиімді іске асырылуына, сондай-ақ аграрлық сектордың дамуына ықпал ету мақсатында құрылды. Міндетіміз: -аграрлық сектор мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіруге ықпал ету; -аграрлық сектор өкілдерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге ықпал ету; -аграрлық сектор саласында, оның ішінде заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу; -аграрлық сектор саласына қатысты өзге де мәселелерді талқылау болып табылады. Сыр өңірі – аграрлы аймақ. Биыл су тапшылығы салдарынан атқарушы билік шаруашылықтарға егісті әртараптандыруды мықтап қолға алуды тапсырды. Бұл бағытта аймақта түрлі жаңа жобалар іске асыру көзделіп отыр. Ал партия алға қойған мақсаттарына жету жолында аянбай еңбек етуге әзір. Жаңа құрылым құрамында депутаттармен қатар, ғалымдар, үкіметтік емес ұйым мүшелері, сарапшылар, саланы жетік меңгерген көшбасшылар бар. Азаматтық қоғамды дамытып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту, аграрлық секторды дамыта түсіп, асыраушы саланың мүмкіндігін кеңейту  - біздің парызымыз.

Бақдәулет МАҚАШОВ

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының

Аграрлық секторды дамыту жөніндегі

облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы,

Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты