Жаңалықтар

Инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді

ашық дереккөзі

Инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді

Шығыс Қазақстан облысы Қасым Қайсенов кентінде №9 бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті. Жиында БПҰ-ның 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары сараланып, алдағы уақытта орындалуы тиіс мәселелер қаралды.  Бастауыш партия ұйымының жұмысы "Nur Otan" партиясының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір" атты сайлауалды бағдарламасы аясында атқарылатын шараларды талқылауға арналды. "Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін шағын инфрақұрылымды дамытуға, қоғамның әлеуметтік осал топтарын қолдау жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Яғни "Бақытты отбасы", "Халыққа көмек", "Құтты мекен", "Кедергісіз келешек", "Ардагерлерді ардақтайық", "Жастар Отанға" сияқты партиялық жобалардың іске асырылуы басты назарға алынбақ»- дейді ұйым жетекшісі Марғұлан Булатұлы. Сондай - ақ, алдағы уақытта ұйым жұмысын одан әрі дөңгелету үшін жергілікті қоғамдастық отырыстар, аудандық мәслихат депутаттарымен кездесулер өткізіледі.