"Тоттенхэмнің" бас бапкері Жозе Моуриньо қызметінен босатылды

19 сәуір, 2021 / Ділда УӘЛИБЕК
ашық дереккөзі
"Тоттенхэмнің" бас бапкері Жозе Моуриньо қызметінен босатылды Лондондағы "Тоттенхэм Хотспур" футбол клубының бас бапкері Жозе Моуриньо қызметінен кетті. Бұл жаңалықты vesti.ru сайты Тhe Athletic-тің Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасай отырып хабарлады. Моуриньо 2019 жылдың күзінен бастап осы қызметті атқарып келді. Өз мансабын ойыншы ретінде бастаған. Моуриньо футбол тарихындағы ең мықты жаттықтырушылардың бірі саналады.