Нұр-Сұлтандағы саябақтан жалпы құны 8 млн теңге болатын 66 шам ұрлаған күдіктілер ұсталды

Нұр-Сұлтандағы саябақтан жалпы құны 8 млн теңге болатын 66 шам ұрлаған күдіктілер ұсталды

Нұр-Сұлтандағы саябақтан жалпы құны 8 млн теңге болатын 66 шам ұрлаған күдіктілер ұсталды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласындағы Триатлон паркінен 66 шам ұрланған. Полицейлер екі жүргізуші мен көше мен саябақты жарықтандырумен айналысатын ЖШС монтерін күдікті деп танып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Тәртіп сақшыларының айтуынша, олар 2 ай ішінде 66 шамды қолды еткен. Бұл ұрлық шамдардың техникалық жағдайын тексеру кезінде анықталды. Шығын сомасы 8 млн теңге. Ұрлық жасады деген күдікке ілінген ЖШС-нің 32, 49 және 50 жастағы үш қызметкері ұсталды.