Ұлттық банк коллекциялық монеталар сатылатын интернет-дүкенді іске қосты

19 сәуір, 2021 / Ділда УӘЛИБЕК
ашық дереккөзі
Ұлттық банк коллекциялық монеталар сатылатын интернет-дүкенді іске қосты Ұлттық банк интернет-дүкеннің жұмысын пилоттық режимде қайта бастады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. Қазақстан Ұлттық Банкі 19 сәуірден бастап коллекциялық монеталардың онлайн саудасын жаңарту үшін пилоттық режимдегі интернет-дүкенді іске қосты. Монеталарды сатып алу үшін тіркеуден өтіп, жеке кабинет құру қажет", - деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.