Қазақстанның Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалды

Қазақстанның Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалды

Қазақстанның Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды. Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев – 1970 жылғы 2 сәуірде Ақтөбе облысының Алға қаласында дүниеге келген. Петрозаводск мемлекеттік университетін бітірген. Өзінің дипломатиялық мансабын 1993 жылы Азия елдері басқармасының референті ретінде бастаған. ҚР СІМ Орталық аппаратында түрлі лауазымдарда жұмыс істеп, оның ішінде Көпжақты ынтымақтастық департаментін, Халықаралық ұйымдар және қауіпсіздік мәселелері департаментін және Еуропа департаментін басқарды. Сондай-ақ, Қазақстанның Литва, Грузия, Норвегия, Италиядағы елшіліктерінде және Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілдігінде жұмыс істеді. 1999-2000 жылдары ҚР Президенті Протоколы басшысының орынбасары болды. 2016-2019 жылдары АӨСШК-де жұмыс істеді. Қазақстанның Үндістандағы Елшісі лауазымына тағайындалғанға дейін ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры болды. II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.