Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалды

Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалды

Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысының Жарлығымен Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің Басшысы лауазымына тағайындалды. Марғұлан Бақытұлы Баймұхан – 1974 жылғы 6 қыркүйекте Алматы облысында дүниеге келген. Польшадағы Краков экономикалық университетін және Канаданың Ванкувер университетін бітірген. Халықаралық басқарудағы ғылым магистрі, іскерлік әкімшілендіру магистрі. Өз еңбек жолын «Daewoo Electronics» компаниясындағы маркетинг және коммерция мәселелері жөніндегі менеджер ретінде бастаған. 1997 жылы Польшада «River System Ltd.» компаниясының экспорт бөлімінің маманы, кеңесшісі, аймақтық директоры (Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдері) ретінде жұмыс істеді. Дипломатиялық қызметін 1999 жылдан бастап, СІМ Орталық аппаратында түрлі лауазымдарды атқарды. Қазақстанның Польшадағы елшілігінде жұмыс істеді. 2017 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстанның Польшадағы Елшісі болды. Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі лауазымына тағайындалғанға дейін ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары болды. II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.