Үздік перзентханалар Алматыда

Үздік перзентханалар Алматыда

Үздік перзентханалар Алматыда
ашық дереккөзі
Қазақстандағы үздік перзентханалар мен перинаталдық орталықтардың рейтингі жасады Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы. Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының сайтында 2016 жылдың бірінші жартысындағы қалалық перзентханалар мен перинаталдық орталықтарының атқарылған жұмыстардың қорытындысы жарияланды. Тізімдегі алғашқы бестікте Алматы қаласының перзентханалары тұр. 1. №1 перзентхана 2. Перинаталдық және балалар кардиохирургия орталығы 3.  №5перзентхана 4. №4 перзентхана 5. Қалалық перинаталдық орталық бар. Ал 6-орында Ақтау қалалық перинаталдық орталығы тұр. Астана қаласындағы №2 перинаталдық орталық болса, тізімнің 12-орнында тұрақтады. Рейтингтің соңында Жамбыл облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының перинаталдық орталығы тұр. Айта кетейік, тізімде жалпы 28 медициналық мекеме бар. Еліміздегі басқа үздік перзентханалардың тізімін мына жерден көруге болады.