«Қазақстан темір жолының» БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департамент директоры тағайындалды

Қайсар Жұмабайұлы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры болып тағайындалды.«ҚазАқпарат» агенттігінің жазуынша, бұл ақпаратты Қайсар Жұмабайұлының өзі растады.

Қайсар Жұмабайұлының БАҚ және PR саласында тәжірибесі бар. Әр жылдары Алматыдағы қалалық «Столичное обозрение» газетінде, «Шаһар» телерадио кешенінде, «Қазақстан» РТРК, «Хабар» агенттігінде, TSC-group инвестициялық-өнеркәсіптік корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінде жұмыс істеді. Кейін сол кездегі Индустрия министрлігінің баспасөз хатшысы болып қызмет атқарды. Астана әкімінің кеңесшісі болды, елорда әкімдігіне қарасты «Елорда Аqparat» медиа-ресурсын басқарды. Бүгінгі тағайындауға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің талдау және болжамдау орталығы меңгерушісінің орынбасары, ҚР Тұңғыш Президенті Қорының стратегиялық коммуникациялар орталығында Перспективалық зерттеулер орталығының басшысы болып жұмыс істеді.

Back to top button