Коронавирустан 23 науқас көз жұмды – ДСМ

Коронавирустан 23 науқас көз жұмды – ДСМ

Коронавирустан 23 науқас көз жұмды – ДСМ
ашық дереккөзі
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты соңғы тіркелген қайғылы жағдайларға қатысты мәлімет берді. 17 сәуірде коронавирустан 23 науқас көз жұмған. Оның 22 КВИ+, бір адам COVID-19 белгілері бар пневмониядан қайтыс болды. Нұр-Сұлтанда 2 адам, Алматыда 6 адам, Ақтөбе облысында 1 адам, Алматы облысында 4 адам, Атырау облысында 2 адам, Жамбыл облысында 1 адам, Батыс Қазақстан облысында 3 адам, Қарағанды облысында 1 адам, Қызылорда облысында 2 адам, Павлодар облысында 1 адам коронавирустан қайтыс болған.