Жол сапасына жауапты мыңнан астам шенеунік айыппұл арқалаған

Жол сапасына жауапты мыңнан астам шенеунік айыппұл арқалаған

Жол сапасына жауапты мыңнан астам шенеунік айыппұл арқалаған
ашық дереккөзі
Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіповтың айтуынша, жол сапасының сын көтермегені үшін бірқатар  шенеуніктер жазаланған, - деп хабарлайды BaigeNews.kz 
"2021 жылы Жол инспекциясы бөлімшелері шамамен 168 мың шақырымды қамтитын сегіз мыңға жуық автожолды бақылаудан өткізді. Елді мекендердің көше-жол желісіне 4 877 тексеру жүргізілді, нәтижесінде жол сапасына қатысты 8 445 кемшілік анықталды. Біздің қызметкерлер бұл мәселені реттеу үшін 7 886-дан астам ұйғарым берді, жол сапасына жауапты жауапты мыңға жуық лауазымды тұлғаға айыппұл салынды", - деді Түсіпов.
Сонымен қатар тексеру барысында 23 мыңнан астам жол белгісі, 1141 бағдаршам, 767 жаяу жүргіншілер өткелі жетіспейтіні, ал 8 мың шақырым жолға жарық тарту қажет екені анықталған.