Жол сапасына жауапты мыңнан астам шенеунік айыппұл арқалаған

19 сәуір, 2021 / Ділда УӘЛИБЕК
ашық дереккөзі
Жол сапасына жауапты мыңнан астам шенеунік айыппұл арқалаған Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіповтың айтуынша, жол сапасының сын көтермегені үшін бірқатар  шенеуніктер жазаланған, - деп хабарлайды BaigeNews.kz 
"2021 жылы Жол инспекциясы бөлімшелері шамамен 168 мың шақырымды қамтитын сегіз мыңға жуық автожолды бақылаудан өткізді. Елді мекендердің көше-жол желісіне 4 877 тексеру жүргізілді, нәтижесінде жол сапасына қатысты 8 445 кемшілік анықталды. Біздің қызметкерлер бұл мәселені реттеу үшін 7 886-дан астам ұйғарым берді, жол сапасына жауапты жауапты мыңға жуық лауазымды тұлғаға айыппұл салынды", - деді Түсіпов.
Сонымен қатар тексеру барысында 23 мыңнан астам жол белгісі, 1141 бағдаршам, 767 жаяу жүргіншілер өткелі жетіспейтіні, ал 8 мың шақырым жолға жарық тарту қажет екені анықталған.