Жағдай мәз емес: жеті өңір «қызыл аймақта» тұр

Жағдай мәз емес: жеті өңір «қызыл аймақта» тұр

Жағдай мәз емес: жеті өңір «қызыл аймақта» тұр
ашық дереккөзі
ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында еліміздің өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды. 2021 жылдың 19 сәуіріндегі жағдайы бойынша: «Қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр. «Сары аймақта» Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары тұр. «Жасыл аймақта» әзірге тек Қостанай мен Түркістан облыстары.