Қазақстан Бокс федерациясына жаңа басшы тағайындалды

Қазақстан Бокс федерациясының атқарушы директоры лауазымына Маратбек Мықтыбеков тағайындалды, – деп хабарлады ҚБФ баспасөз қызметінің мәліметі.

Ал соңғы 11 жыл бойы осы лауазымды атқарып келген Бекжан Бектенов федерацияның халықаралық істер жөніндегі вице-президенті болып тағайындалған.

Тәжірибелі спорт менеджері Маратбек Мықтыбеков Дзюдо федерациясының президенті, президент міндетін атқарушы, Алматы бокс федерациясының атқарушы директоры және Азия бокс конфедерациясының кеңесшісі сынды лауазымды қызметтерді абыроймен атқарған.

Ол жасөспірімдер санатында самбодан әлем чемпионы, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының, студенттер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері болған. Халықаралық санаттағы спорт шебері атағы бар.

Back to top button