Нұр-Сұлтан қаласының іргесінен өрт шықты

Нұр-Сұлтан қаласының іргесінен өрт шықты

Нұр-Сұлтан қаласының іргесінен өрт шықты
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласын Ақмола облысының Қоғалжын ауданымен байланыстыратын тасжол бойындағы саяжайдан өрт шықты. Бұл туралы саясаттанушы Қазыбек Майгелдинов facebook парақшасында жариялады. «Қорғалжын тасжолы бойындағы саяжайлар өртеніп жатыр.  Тілсіз жау қатты желдің кесірінен санаулы минуттарда-ақ президенттік гараж орналасқан аумақты шарпып үлгерді. Дер кезінде өртті өшіреді деп үміттенемін», деп жазды ол. Сонымен қатар, бүгін «Ертіс орманы» резерватында да өрт шыққан болатын.