Танымал актриса Ғазиза Әбдінабиева қайтыс болды

Танымал актриса Ғазиза Әбдінабиева қайтыс болды

Танымал актриса Ғазиза Әбдінабиева қайтыс болды
ашық дереккөзі

Танымал актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Ғазиза Мәкешқызы өмірден озды. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов хабарлады.

Ол 1948 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданында туған. Қазақ Ұлттық консерваториясынның (бұрынғы Алматы консерваториясы) "актерлік шеберлік" факультетін бітірген (1970). Консерваторияның 4 курста оқып жүріп, 1969 жылы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына қабылданады. 1969-1993 жжылдары осы театрда аянбай еңбек етеді. 1993 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына қызмет екен.
 width=
Кино және театр артисі Ғазиза Әбдінабиеваның театр сахнасында:
С. Балғабаев «Ғашықсыз ғасыр» (реж. Ә. Рахимов)– Райхан
М. Мақатаев «Қош, махаббат»(реж. Б.Атабаев)–Әже,
Абай шығармалары бойынша сахналанған «Абай десем…» (реж. Б.Атабаев) –Ана,
А.Тасымбеков, Қ.Ысқақ «Кебенек киген арулар»(реж. Б.Атабаев) –Тұтқын,
Қ. Мырзалиев «Түрт, сайтаным, түрт»(реж. Ә.Рахимов) –Шекер,
Р. Мұқанова «Мәңгілік бала бейнесі»(реж. Б.Атабаев)–Күләй,
Ш. Құсайынов «Үкілі Ыбырай»(реж. Б.Атабаев)–Ана,
М. Әуезов «Қарагөз» (реж. Б. Атабаев)–Мөржан,
М. Әуезов «Айман–Шолпан» (реж. Е. Обаев)–Теңге
Ө.Боранбаев «Әңгүдік»( реж. О.Кенебаев ) –Зинаида,
Қ. Мұхамеджанов, Ш.Айтматов «Көктөбедегі кездесу» (реж. О.Кенебаев) – Айша апай,
Д.Исабеков «Мұрагерлер» (реж. О. Кенебаев)–Салиха,
С.Мұқанов «Мөлдір махаббат» (реж. Ә.Рахимов)–Нарбота,
Шахимарден «Томирис» (реж. Т. әл-Тарази)–Елес,
И.Сапарбай «Сыған серенадасы» (реж. Е. Обаев)–Баронесса,
Шекспир «Ромео мен Джульетта» (реж. О. Салимов)–Сүт-ана,
Шекспир «Гамлет»(реж. Ю. Ханинга-Бекназар)–Гертруда,
Н.Гоголь «Ревизор» («Пара», реж. Е. Обаев)–Анна Андреевна,
А.Чехов «Шағала» (реж. Б. Атабаев)–Аркадина,
М.Кәрім «Ай тұтылған түн» («Күнәһар», реж. О. Кенебаев)–Таңқабике,
Ү.Ғаджыбеков «Аршын мал алан» (реж. Т. әл-Тарази)–Жихан,
И.Вовнянко «Қаза мен жаза» (реж. А.Әшімов, С.Асқаров)–Дәулетқалиева,
А.Володин «Қоштасқым келмейді» (реж. А.Маемиров)–Бейтаныс әйел, А.Чехов «Сүйікті менің ағатайым» (реж. А.Маемиров)– Марина т.б. рөлдерін сомдаған.
Ал кино саласында:
«Нан», «Қауын», «Қыз жылаған», «Жел адам», «Сіз кімсіз, К. мырза?»,«Біржан сал», «Айналайын», «Тоғысқан тағдырлар», «25 км», «Зауал», «Побег из аула», «Кемпір», «Домашние войны» және т.б. фильмдер мен телехикаяларда негізгі рөлдерді сомдаған.