Лукашенко вакцина алғысы келмейді

Лукашенко вакцина алғысы келмейді

Лукашенко вакцина алғысы келмейді
ашық дереккөзі

Беларусь президенті Александр Лукашенко коронавирусқа қарсы вакцина алғысы келмейтінін айтты. Бұл туралы tass.ru хабарлады.

Лукашенконың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жақында өткен тексерісте оның қанында антиденелердің жеткілікті екенін айтылған. Сондықтан қазіргі кезде президент вакцина алуға құлықсыз көрінеді. Сонымен қатар Беларусь басшысының оған дейін тұмауға қарсы вакцина алмағандығы да анықталған.

Беларусь президенті елдегі коронавирусқа қатысты жағдай бақылауда екенін айта келіп, науқастану көрсеткіші бір жарым есе өседі деген болжамның қате болып шыққанын да айтып салды. Беларусь президентінің пікірінше, елдегі індет жұқтырған адамдар санын алдыңғы деңгейде сақтап қалуы елдегі вакцинасының жеткілікті мөлшерде шығарылғаны себеп болған.