Ақмола облысында ер адам қызымен бірге сарқырамаға құлап кетті (видео)

Ақмола облысында ер адам қызымен бірге сарқырамаға құлап кетті (видео)

Ақмола облысында ер адам қызымен бірге сарқырамаға құлап кетті (видео)
ашық дереккөзі
Куәгерлердің айтуынша, әкесі мен қызы суретке түспек болғанда, сарқырамаға құлап кеткен. Желіде сарқырама маңында өзеннің қатты ағысы ер адамды баламен бірге ағызып бара жатқаны түсірілген видео тарады. Оқиға Ақмола облысында болған. Кадрдан ересек адамның баланы кеудесіне қысып, судың ортасындағы тасқа жармасқаны байқалады. Sputnik.kz сайтының жазуынша, бұл Ақмола облысы Зеренді ауданындағы сарқырама болуы мүмкін екен. "Әкесі қызымен бірге сарқырама алдында суретке түспек болған. Анасы мен айналадағы адамдар оны райынан қайтаруға тырысты, бірақ еш нәтиже шықпады. Қыз тастан құлап кетті, әкесі артынан секірді. Екеуі де судан шығарылды", - деп мәлімдеді куәгерлер.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ???? Новости Кокшетау (@kokshetauasia)