Айқын Төлепберген Алматыда өзі куә болған келеңсіз жағдай туралы айтып, жұртты сақтандырды (видео)

Айқын Төлепберген Алматыда өзі куә болған келеңсіз жағдай туралы айтып, жұртты сақтандырды (видео)

Айқын Төлепберген Алматыда өзі куә болған келеңсіз жағдай туралы айтып, жұртты сақтандырды (видео)
ашық дереккөзі
Қазақстандық әнші Айқын Төлепберген Алматыда өзі куә болған келеңсіз жағдай жайлы айтып, жұртты абай болуға шақырды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. Айқын Төлепбергеннің айтуынша, ол Алматыда велосипед жолағында электр самокат жаяу жүргіншіні қалай қағып кете жаздағанына куә болған. «Құрметті достар, бір кезек күттірмейтін мәселе бар. Велосипед жолдары велосипедтер, мопедтер мен скутерлер үшін арнайы салынған. Жаяу жүргіншілер олармен жүре алмайды. Бұл – қауіпті. Әсіресе, балалар айналасына қарамай жүре береді. Егер ертең баланы қағып кетсе, сіз кінәлі боласыз. Сондықтан, абай болыңыз! Велосипед жолағының қасында әрқашан тротуар болады. Сонымен жүріңіз», - деді әнші.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Aikyn Tolepbergen (@aikyn)