Жаңалықтар

Қазақстанның "Голланд ауруы": жылдам емделу мүмкін емес

ашық дереккөзі

Қазақстанның "Голланд ауруы": жылдам емделу мүмкін емес

Кеше "Берлек-Единство" саяси тобының "Алексей Чекрыжов: "Голландская болезнь" Казахстана - лечение не может быть быстрым" атты талдау мақаласы жарияланды. Мұнда Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі даму жолы мен экономикасының дамуы, дағдарыстың әсері туралы сөз етіледі. Мәселен, Қашаған кенішінің іске қосылуын Үкіметтің күтіп отырғаны жайында айтылады. "Соңғы кездері Қазақстанда Қашаған кенішін қайта іске қосылуының мұнай-газ секторы мен ұлттық экономикаға ықпалы жайында жиі талқылана бастады. Қазіргі таңда жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары аяқталып қалды, көп ұзамай мұнай өндіру басталады. Қайта іске қосу Қазақстан экономикасындағы қиын кезеңге - дағдарыспен тұспа тұс келіп тұр. Дағдарыстың байқалуына әсер етін факторлардың бірі - әлемдегі энергересурстар бағасының төмендеуі, әсіресе мұнайдың арзандауы. Осындай кезеңде Қашағанды іске қосу, яғни қосымша қуаттылықты арттыру экономиканы әртараптандырудың іске аспауының (диверсификация) салдары" делінген. Артынша, мұндай скепсис шындыққа жанаспайтынын айтады. "Қазақстан экспортқа шикізат шығаратын мемлекет. Экономиканың мұндай моделінің теріс әсері жоқ. Дұрысы, шикізаттық бағыт ұлттық экономиканың ұрымтал жері, сондықтан мұнай бағасының күрт түсуі әсер етті. Дәп осы ұрымтал тұстарды өңдеу кәсіпорындары ығыстыруы керек, Қазақстан оны дамытуға жаңа леп беруде. Ресурсты экспорттаудан бас тарту орынсыз шешім болар еді" дейді. Иә, сонымен қатар "Голланд ауруына" түсініктеме берілген. Бұл - экономиканың бір секторының серпінді дамуының басқаларына әсері. Бұл термин мол шикізаттық ресурстарды экспортқа шығаратын елдерге тән. "Қазақстанның қазіргі ұлттық экономикадағы қиындықтары мемлекеттің даму сатысы тұрғысынан табиғи нәрсе. Шикізат экспортынан түскен бұрынғы қаражат тәуелсіз мемлекетті қалыптастыруға, әлеуметтік-экономикалық жағдайды жасауға бағытталды. Он жылдан аз уақытта Астана шикізат экспортына тәуелділікті азайту бойынша бағдарлама қабылдады. Кәсіпкерлік секторы мен өңдеу кәсіпорындары баяу болса да экономикадағы өз орнын айқындап келеді. Сонымен қатар мұнай газ саласы да бірге дамып келеді. Шикізаттық емес сектордың үлесін әртараптандыруға болады, бірақ мұнай газ саласының көлемін азайту мүмкін емес. Астана үшін екеуінің де маңызыз зор". Иә, ел экономикасындағы дағдарысты уақытша деп қабылдап, тәуелсіз мемлекеттің дамуындағы міндетті саты деп білген абзал.Тәуелсіздіктің 25 жылдығында еліміз шикізат экспорты бойынша әлемге танылды. Кеше қытайлық миллиардер Джек Ма Қазақстанға сапарында бірнеше кеңес берген екен. Сондағысы "ұлттық экономиканы дамыту үшін шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту керек" екенін айтқан болатын. Олай болса, Қазақстан үшін осы бағыттарды негізге алу - дағдарысты еңсерудің ұтымды жолы болмақ.