Adobe компаниясының негізін қалаушылардың бірі қайтыс болды

Adobe компаниясының негізін қалаушылардың бірі қайтыс болды

Adobe компаниясының негізін қалаушылардың бірі қайтыс болды
ашық дереккөзі
Чарльз Гешке PDF форматты жасауға қатысқан, Adobe компаниясының негізін қалаушылардың бірі. Калифорнияда тұратын Чарльз 82 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы Adobe компаниясы хабарлады. Чарльз Гешкенің еңбек жолы Калифорния штатына қарасты Пало-Альто қаласындағы Xerox ғылыми-зерттеу орталығында басталған. Ол Xerox компаниясынан 1982 жылы кетіп, Джон Уорнок екеуі Adobe компаниясының негізін қалады. Adobe – компьютерлік бағдарламаларды жасайтын әлемдегі ірі компания. 1982 құрылған, штаб-пәтері Калифорния штатындағы Сан-Хосе қаласында орналасқан. Аталған компания Adobe Flash, Photoshop, Adobe Reader, Portable Document Format (PDF) сынды бағдарламалық жүйлерді жасаумен танымал. 2009 жылы АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама Гешке мен Уорнокты технология мен инновация саласындағы ұлттық медалімен марапаттаған болатын.